«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бірінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 521 Қаулысы (күші жойылды)

Предыдущая страница

Тиімді құрылыс материалдары өндірісін және жаңа технологияларды енгізуді одан әрі дамыту арқылы тұрғын үй құрылысының құнын төмендету жөнінде шаралар қабылданатын болады. Тұрғын үй құрылысында осы заманғы тиімді әрі энергия үнемдейтін сәулет-құрылыс шешімдері пайдаланылатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу болжанып отыр.

Қазақстан Республикасында 2006 - 2008 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасы қабылданатын болады, онда:

кондоминиум объектілерінің тетіктерін және басқару нысандарын жетілдіру жөнінде шаралар ұсынылатын;

пәтер иелерінің ортақ мүлікті жөндеу үшін қаражат жинақтау схемасы анықталатын;

кондоминиум объектілерін басқару және ұстау функциялары бөлінетін;

пайдаланудағы тұрғын үй қорының жағдайын мемлекеттік бақылау жүзеге асырылатын болады.

 

§ 7. Табыс саясаты

 

Ел азаматтарының әл-ауқатын арттыру саласындағы мақсат орта мерзімді перспективада халықтың табысын одан әрі арттыру болып табылады.

Кірістерді арттыру 2007 - 2009 жылдары жалақының ең төменгі мөлшерін арттыру саясатын сақтауға ықпал етеді. Оның деңгейі қызметкерге тұтыну бюджетінің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп және экономиканың формалды секторында жұмыспен қамтылуын ынталандыра отырып, ең төменгі күнкөріс деңгейінің, ең төменгі зейнетақы мөлшерінің өсуін басып озатын болады.

Қарапайым біліксіз еңбекпен айналысатын жұмыскерлер үшін жалақының ең төменгі мөлшері белгіленетін болады.

2007 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30 %-ға сараланған ұлғайтылатын болады.

Жалақыны оңтайлы сараландыру және қызметкерлер біліктілігінің өсуін ынталандыру мақсатында Лауазымдар тізілімі мен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу коэффициенттері торын жетілдіру алда тұр.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі өнімді еңбек пен жұмыс сапасы өлшемдеріне негізделуі тиіс. Шығармашылық пен инновациялық ұстанымдар, әрбір қызметкердің ұйым жұмысының тиімділігіне қосатын үлесі көтермеленетін болады.

Өнімділігі жоғары еңбекке деген ынтаны арттыру ең алдымен, еңбекті нормалауды ұйымдастыруын жетілдіруді талап етеді. Техникалық (ғылыми) негізделген еңбек нормаларын әзірлеу және енгізу, оларды техниканың, технологиялардың, ұйымдарда еңбек өндірісін ұйымдастыруға қол жеткізілген деңгейіне сәйкес ауыстыру және қайта қарау жалақы деңгейінің еңбек сипаты мен оның нәтижелеріне тікелей байланыстылығын белгілеу үшін қажетті жағдайлар жасайды.

 

§ 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және табиғат

пайдалану

 

Қоршаған ортаны қорғау

 

Экологиялық саясат Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 2004 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын одан әрі іске асыруға бағытталады.

2007 - 2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау саласындағы мақсаттар халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаның ластану деңгейін азайту, қоршаған ортаны қорғауды және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның орнықты дамуына көшу негіздерін құру болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі міндеттер мыналар болып табылады:

қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;

шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту және табиғат қорғау және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

Алға қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін 2007 - 2009 жылдары экологиялық заңнаманы жүйелендіруге және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық заңнаманың осы заманғы талаптарына жауап беретін Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес оның қолданылуын арттыруға бағытталған экологиялық заңнаманы одан әрі реформалау жалғастырылады.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды молықтыруды сақтау және ұтымды пайдалану, Қазақстан Республикасында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін басқару және шаруашылық шешімдерді ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында 2007 жылы Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың бірыңғай мемлекеттік мониторингі жүйесін құру жоспарланып отыр.

Екі жақты және көп жақты келісімдерге, атап айтқанда БҰҰ конвециялары мен қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы жаhандық халықаралық форумдардың шешімдеріне сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындау жөнінде шаралар қабылданады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан бекіткен табиғат қорғау конвенцияларын іске асырудың неғұрлым сапалы деңгейіне өту жүзеге асырылады.

«Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде мыналар орындалады:

2006 жылы:

заңнамалық базаны жетілдіру;

экологиялық талаптар мен стандарттарды қайта қарау және әзірлеумен мемлекеттік бақылау жүйесін жаңғыртуды жүргізу;

Бірыңғай мемлекеттік мониторинг жүйесінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мониторингі жүйесі 10 %-ға кеңейтіліп, жаңғыртылады;

табиғат қорғау қызметін ынталандырудың тиімді экономикалық тетіктерін сынақтан өткізу;

халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қамтамасыз ету;

2007 жылы:

нормативтік әдістемелік құжаттаманы әзірлеу;

қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстардың ғылыми-техникалық негіздемесін әзірлеуді қамтамасыз ету;

үздіксіз экологиялық білім беру, тәрбиелеу және ағартушылық жүйесін жетілдіру.

2007 жылы қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін тұрақтандыру және табиғат пайдалануға қойылатын экологиялық талаптарды жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасының екінші кезеңін (2008 - 2010 жылдар) іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары әзірленеді.

Шөлейттенуді тоқтата тұру және алдын алу процесі Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарлама ережелерін кезең-кезеңімен іске асыруды көздейді.

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бірінші кезеңде (2005 - 2007 жылдар):

шөлейттенуге бейім жерлерді түгендеу және олардың жай-күйін бағалау жүргізіледі;

жерлерді қалпына келтіру немесе олардың жұтауының алдын алу жөніндегі пилоттық жобалар әзірленіп, іске асырылады;

шөлейттенуге қарсы күрес проблемалары бойынша шешімдерді қабылдау процесіне халықтың барлық топтарының қатысуын қамтамасыз ету және хабардар ету жөніндегі жұмыс жүргізіледі.

2007 жылы Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру (екінші кезең) жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу көзделіп отыр.

2008 - 2009 жылдары ресурстық базаны сақтауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін тұрақты жер пайдаланудың нормативтік талаптары мен экономикалық тетіктерін әзірлеу және енгізу, халықаралық экологиялық конвенцияларды тұтастырылған іске асыруды қамтамасыз ету, шөлейттену және құрғақшылықтың теріс әсер ету процесінің көлемдерін қысқарту және дамуының алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

2007 - 2009 жылдары халықаралық стандарттарға сәйкес экологиялық орнықты қоғамның негіздері құрылады.

Экологиялық сақтандыру және аудит, экологиялық білім беру, экологиялық таңбалау және табиғатты қорғау қызметі мен оның өлшемдері ұғымы енгізіледі.

Жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа және шешімдер қабылдауға қол жетімділігі кеңейеді.

2007 - 2009 жылдары шөлейттенген жерлерді оңалтуға, биоәртүрлілікті сақтауға, биоқауіпсіздік жүйесін құруға, орнықты органикалық ластағыштарды түгендеуге және жоюға, парник газдарының тастандыларын азайтуға, өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жаратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.

Балқаш-Алакөл бассейнін орнықты дамытуды қамтамасыз етуге және осы өңір тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған су-экологиялық проблемаларды шешу мақсатында "Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету" бағдарламасы әзірленеді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама Еуропалық Одақтың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі негізгі директиваларына жауап беретін болады, қоршаған ортаны ластау деңгейі төмендейді және оның сапасын тұрақтандыру үшін жағдайлар жасалады, бұл қоғамның экологиялық орнықты дамуының негіздерін қалайды.

 

Табиғат пайдалану

 

2007 - 2009 жылдары табиғат пайдалану саласындағы негізгі міндеттер:

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту;

ормандарды, кеңейту, молықтыру және орман өсіру;

елді мекендерді көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру;

биологиялық әралуандылықты сақтау;

тұрақты су пайдалануды қамтамасыз ету;

табиғи су көздерін қалпына келтіру және сақтау;

Қазақстан азаматтарын тиісінше сапалы сумен толық қамтамасыз ету және су тарту болады.

 

Орман және аңшылық шаруашылығы

 

Орман қорын сақтауға және молықтыруға, жасыл аймақтарды кеңейтуге, республикадағы елді мекендерді көгалдандыруға, сондай-ақ ормандарды қорғау, сақтау және молықтыру саласында жағдайды тұрақтандыруға және оларды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған 2005 - 2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру 2007 жылы аяқталады.

Аңшылық шаруашылығын толыққанды жүргізу үшін жүйеленген мемлекеттік есеп жүргізіледі және жануарлардың жабайы түрлері ресурстарының кадастры жүргізіледі.

2007 - 2009 жылдары ормандарды орман өртінен және заңсыз ағаш кесуден қорғау күшейтіледі.

Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтаудың және қалпына келтірудің 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасады.

 

Балық шаруашылығы

 

2007 - 2009 жылдары елдің балық шаруашылығын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

бағалы балық түрлерін сақтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, балық шаруашылығы тоғандарында бағалы балық түрлерінің өндірістік запасын қалыптастыру мен толықтыру;

балық ресурстары запастарының орнықтылығын қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту, аквакультураны дамыту және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін сақтау үшін қажетті технологиялар әзірлеу;

өнеркәсіптік балық шаруашылығының орнықты шикізат базасын балық ресурстарының бар запастарын сақтау және ұтымды пайдалану және жасанды жолымен өндіру жөніндегі іс-шараларды күшейту есебінен қалыптастыру;

тауарлы балық шаруашылығын дамытуға және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеу бойынша кәсіпорындардың дамуына жәрдемдесу;

балық өсіруге арналған көл-тауар, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейімделген шаруашылықтарды дамыту үшін жағдайлар жасау;

тауарлы балық шаруашылығын және бекіре шаруашылығын дамыту үшін инвестициялар тарту;

балық шаруашылығын басқарудың біріктірілген ақпараттық жүйесін құру жолымен мониторинг, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіру;

тиісті нормативтік құқықтық реттеу, сондай-ақ саланың мониторингін ұйымдастыру және институционалдық мүмкіндіктерді нығайту арқылы браконьерлікке және балық шаруашылығындағы бұзушылықтардың басқа да нысандарына қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейту;

балық ресурстарын қорғау, молықтыру, ұтымды әрі тиімді пайдалану саласындағы заңнаманы одан әрі реформалау болады.

 

Су шаруашылығы

 

Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын дамытудың және су шаруашылығы саясатының 2010 жылға дейінгі тұжырымдамасының шеңберінде 2007 - 2009 жылдары елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, әлеуметтік-экономикалық даму қажеттілігінің теңгерімін және судың нормативтік сапасының талаптары деңгейінде су ресурстарын молықтыру мүмкіндіктерін қамтамсыз ету мәселелері қарастырылады.

Халықты қажетті көлемдегі және кепілдендірілген сападағы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасын іске асыру жалғасады.

Сондай-ақ сумен орнықты жабдықтауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету үшін су ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру мақсатында суды үнемдеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жоспарланып отыр.

Осы бағдарламада су жинақтайтын технологияларды, суды пайдаланудың айналмалы және тұйық жүйелерін енгізу, су шаруашылығы жүйелерін есептеу мен реттеудің қазіргі құралдарымен жарақтандыру көзделеді.

 

2-бөлім.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық

дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері

 

Атауы

2006 ж. бағалау

Болжам

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Ен төменгі жалақы мөлшері, теңге

9200

9752

10337

10957

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері, теңге

3000

3000

3180

3371

Ең төменгі зейнетақы мөлшері, теңге

6700

7236

7815

8440

Ең төменгі күнкөріс деңгейі, теңге

7945

8422

8927

9463

Айлық есептік көрсеткіш, теңге

1030

1092

1158

1227

Жұмыс күшінің импортына квота (Қазақстан Республикасының шекара маңындағы облыстарында ауыл шаруашылығы жұмыстарында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін тартылатын көшіп келген еңбекшілерді есепке алғанда), %-бен*

0,70

0,70

0,70

0,70

 

* - шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді есепке алғанда, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының %-ы ретінде есептеледі

ескертпе:

Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;

өнімдер (жұмыстар) өндіруге арналған стандарттар «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1-тармағына сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес бекітіледі.

 

Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне

(тауарларына, жұмыстарына) бағалардың және тарифтердің

шекті өсуінің 2007-2009 жылдарға арналған болжамы

 

Мемлекеттік реттеуіштер

2006 ж. желтоқ-

сан 2005 ж. желтоқ-

санға, %, бағалау

2007 ж. желтоқ-

сан 2006 ж. желтоқ-

санға, %, болжам

2008 ж. желтоқ-

сан 2007 ж. желтоқ-

санға, %, болжам

2009 ж. желтоқ-

сан 2008 ж. желтоқ-

санға, %, болжам

1

2

3

4

5

6

1

Электр энергиясын өңірлік деңгейдегі электр желілері арқылы беру

138

105,4

111,3

104

2

Электр энергиясын өңіраралық деңгейдегі электр желілері арқылы беру

108,4

109,3

112,5

113,3

3

Электр энергиясын желіге жіберуді және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру

119,3

108,2

110,9

111,7

4

Газды және (немесе) газ конденсатын тасымалдау:

 таратушы құбыржолдары арқылы

 магистральды құбыржолдары арқылы

 

103,4

100

 

112,5

100

 

106,9

100

 

101,2

100

5

Мұнайды магистральды құбыржолдары арқылы тасымалдау

100

100

100

100

6

Жылу энергиясын өндіру, беру және (немесе) тарату

115

112

108

108

7

Су шаруашылығы жүйесінің қызметтері:

 магистральды құбыржолдары және (немесе) арналар арқылы су беру

 таратушы құбыржолдары арқылы су беру

 

 

125,3

119,8

 

 

102,7

115

 

 

101,2

110

 

 

104

108

8

Ағынды суларды ағызу

120,7

115

110

108

9

Порттардың қызметтері:

 тиеу-түсіру жұмыстары

 кеменің кіруі

 

100

100

 

100

100

 

100

100

 

100

100

10

Әуежайлардың қызметтері:

 әуе кемесінің ұшуын және қонуын (қабылдау және шығару) қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

 авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

 

 

114

120

 

 

102

103

 

 

102

102

 

 

101

103

11

Почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері:

 жай хат жіберу

 жай карточка жіберу

 жай бандероль жіберу

 

102

102

102

 

102

102

102

 

102

102

102

 

102

102

102

  

  

  

  

  

  

 

                                          Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                         2006 жылғы 7 маусымдағы

                                       № 521 қаулысымен мақұлданған

 

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары

(бірінші кезең)

 

Көрсеткіштер

2005 ж. есеп

2006 ж. бағалау

болжам

2009 ж. 2006 ж-ға %-бен

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер

Халықтың жалпы саны, мың адам

15146,2

15314,2

15446,5

15588,6

15760

102,9

Экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны, мың адам

7244,2

7468,7

7593,1

7729,3

 

7801,7

 

104,5

Зейнеткерлердің саны (орташа жылдық), мың адам

1637

1643,6

1641,8

1640,6

 

1644,4

 

100

Зейнетақының орташа айлық мөлшері, теңге

9142

10063

11077

11963

 

12509

 

124,3

Нақты жалақы, өткен жылға %-бен

112

108

112,1

107,9

 

108

 

130,6

Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштер

Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге

7457,1

8725,4

9988

11458,7

13096

 

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

109,5

108,3

108,3

108,9

109,1

 

128,7

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ, АҚШ долл.

3703

4486

5092

5799

6543

145,9

Халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ атып алу паритеті бойынша, АҚШ долл.

10619

11358

12571

14018

15468

 

136,2

ЖІӨ-нің салалық құрылымы, %

100

 

100

100

100

100

  

Тауарлар өндіру

44,1

43,4

43,2

42,9

42,6

  

оның ішінде:

  

  

  

  

  

  

өнеркәсіп

30,2

29,5

29,3

29

28,8

  

2007 - 2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштері-

нің болжамы

6,5

6,3

6,1

6

5,8

  

құрылыс

7,4

7,6

7,8

 

7,9

 

8

  

Қызметтер өндіру

52,2

52,6

52,8

53,1

53,4

  

Таза салықтар

5,9

6

6

6

6

  

Қаржылық делдалдық қызметтері

-2,2

-2

-2

-2

-2

  

Кірістер құру әдісімен ЖІӨ, %

100

100

100

100

100

  

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу

34,2

34,3

34,5

34,7

34,3

  

Өндіріс пен импортқа салынатын таза салықтар

8,9

8,8

8,9

8,1

 

8  

  

өнімдер мен импортқа салынатын салықтар

6,8

6,8

6,7

6,5

6,5

  

өндіріске салынатын басқа да салықтар

2,1

2

2,2

1,6

1,5

  

Жалпы пайда және жалпы аралас кіріс

56,9

56,9

56,6

57,2

57,7

  

Түпкі пайдалану әдісімен ЖІӨ, %

100

100

100

100

100

  

Түпкі тұтыну шығыстары

63,1

69,8

70,4

70,3

71,7

  

үй шаруашылықтары

50,3

55,4

55,9

 

56

 

58

  

мемлекеттік басқару органдары

11,5

12,7

12,7

12,8

12,3

  

үй шаруашылықтары-

на қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар

1,3

1,7

1,8

1,5

1,4

  

Жалпы жинақтар

27,7

24,9

24,9

25,8

25,9

  

негізгі капиталды жинақтау

25,1

22,9

23

 

23,5

23,7

  

материалдық айналым құралдары запастарының өзгеруі

2,6

2

 

1,9

 

2,3

 

2,2

  

Тауарлар мен қызметтердің таза экспорты

9,2

5,3

4,7

3,9

2,4

  

Ақша базасы, млрд. теңге

663

939

1184

1416

1655

176,3

өткен жылға %-бен

114,7

141,6

126,1

 

119,6

116,9

  

Ақша массасы, млрд. теңге

2065

2789

3561

4413

 

5353

 

191,9

өткен жылға %-бен

125,2

135,1

127,7

123,9

121,3

  

Экономиканы монеталандыру деңгейі, %

27,7

32

 

35,7

38,5

 

40,9

  

Ұлттық Банктің жыл соңындағы қайта қаржыландырудың ресми ставкасы

8

8

7,5

 

7,5

7,5

  

Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтері, млрд. АҚШ долл.

7,1

9,7

11,2

12,5

13,6

139,7

өткен жылға %-бен

76,2

 

137,7

115,4

111,7

108,4

  

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері, млрд. теңге

1654

2228

2830

3525

4353

 

195,4

Экономикадағы банктердің кредиттері, млрд. теңге

2592

3676

 

4782

6028

7488

203,7

Тұтыну бағаларының индексі, %-бен

  

  

  

  

  

  

бір жылға орташа

7,6

5,7-7,6*

5-7

5-7

 

5-7

  

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге %-бен

0,6

 

-1,4

-1,3

 

-1,0

-0,5

  

Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге

2205,2

 

2602,1

2992,5

3411,4

 

3889

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

122,2

118

115

114

114

149,5

Тауарлар экспорты (ФОБ), млрд. АҚШ долл.

28,2

29,4

29,9

31,2

 

33,3

  

өткен жылға %-бен

137,5

 

104,3

 

101,5

 

104,7

 

106,6

  

Тауарлар импорты (ФОБ), млрд. АҚШ долл.

17,9

21

 

23,4

 

26

28,8

  

өткен жылға %-бен

129,9

 

117

 

111,7

 

110,8

110,8

  

Сауда балансы, млрд. АҚШ долл.

10,3

8,4

6,4

5,3

 

4,6

  

Өнеркәсіп өнімінің (жұмыстарының, қызметтерінің) көлемі, млрд. теңге

5124,1

5806,3

6512

 

7382,3

 

8073,2

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

104,6

 

104

104,2

106,7

 

107,5

119,5

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млрд. теңге

763,2

806,3

 

866,5

 

936,2

 

997,1

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

107,3

102

102,2

 

103

 

103

108,4

Құрылыс, млрд.теңге

743,6

940,7

1168,9

1426,6

1726,2

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

134,1

 

115

 

112

110

 

110

135,5

Көлік қызметтері, млрд.теңге

1377,3

 

1564,4

1786,3

 

2060,6

2378,6

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

107

106,5

 

107

 

108

108

 

124,8

Байланыс, млрд. теңге

216,7

 

277,6

 

352,2

 

439,6

548,6

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

127,7

 

122

 

122

120

 

120

175,7

Сауда, млрд.теңге

1669,6

1956,2

 

2274,7

 

2652,3

3092,6

  

өткен жылға %-бен нақты өзгеруі

109,3

 

109,5

 

109,7

 

110

 

110

 

132,7

Еңбек өнімділігінің өзгеруі,

өткен жылға %-бен

8,3

7,1

 

10,5

 

8

 

8,1

  

 

 

* - Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағалауы